1.Қолдау.
Өсу, әсіресе балалар әртүрлі жағдайлар мен іс-әрекеттерді әлі дұрыс бағалай алмайтын кезеңінде, оларға сіздің қолдауыңыз бен пікіріңіз керек. Мысалы, егер сіздің қызыңызды немесе ұлыңызды біреу итерсе, «Сен өзің кінәлісің» деп қоя салудың қажеті жоқ. Жағдайды әбден анықтап алып, басқа баланың дұрыс әрекет етпегенін, оның әдепті және өзін қалай ұстау керектігін білмеуі мүмкін екенін түсіндіріңіз. Келесі жолы сіздің сөзіңізді есіне түсірген бала мұндай ұсақ-түйектерге ренжімейтін болады. Егер орын алған оқиғаға сіздің балаңыз кінәлі болса, мысалы, саябақта серуендеп жүргенде ол байқамай гүлзарға көтеріліп, гүлдерді таптап тастаса, қатты ұрыспаңыз. Ол жаман әрекет жасағанын және бұны басқалардың ешқашан мақтамайтынын және қолдамайтынын әлі түсінбеген шығар. Оған саябақ қызметкерлерінің қалай ренжитіні туралы айтыңыз. Өйткені, олар күн сайын біз үшін сұлулықты сақтауға тырысады және көп уақыт пен күш жұмсайды, гүл отырғызады және оларға қамқорлық жасайды. Балаңыз бұны есте сақтайтын және бұдан кейін бұлай істемейтін болады. Сондай-ақ, егер ол, мысалы, құлап қалып, өтіп бара жатқан адамдардың көз алдында қатты жыласа, ұлыңызға қатты ұрысудың қажеті жоқ. Оның болашақтағы жігіт екені белгілі, бірақ әзірге оның әлі бала екенін естен шығармау керек. Онан да балалық шағыңызда өзіңіздің қалай құлағаныңыз туралы күлкілі оқиғаны айтып беріп, қолдау көрсетіңіз және мұнда тұрған ештеңе жоқ екенін түсіндіріңіз.
- Балаңызды ести және тыңдай біліңіз.
Бір қызығы, балаларды тыңдай білу және жай ғана есту – екеуі екі түрлі түсінік. Сіз балаңыздың жанында бірнеше сағат отыруыңыз және оның сізге айтқандарын тыңдауыңыз, бірақ оның не туралы айтқанын түсінбеуіңіз мүмкін. Балаңыздың әңгімесіне көңіл қоюға және түсінуге тырысыңыз, сұрақтар қойыңыз. Сонда бала оны тыңдайтынын, оған қызығушылық танытатынын түсінеді және өзіне сенімді бола түседі. Тіпті уақытыңыз аз болса да, балаңызды соңына дейін тыңдауға тырысыңыз. Мүмкін ол сізбен маңызды ақпаратты бөліскісі келетін шығар. Өйткені, сіздің балаға бөлген уақытыңыз ол үшін өте маңызды және өте құнды.
- Баламен кеңесіңіз.
Баланың сенімі мен құрметіне ие болу үшін оның пікірінің сіз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсету өте маңызды. Тіпті кішігірім мәселелер бойынша кеңес сұрай отырып, сіз балаңызға өзінің маңыздылығына сенімділік бересіз. Ол оны тыңдайтынын және оның пікірімен санасатынын түсінеді. Мысалы, кешкі асқа не пісіру керектігін немесе келесі демалыс күнін қалай өткізгісі келетіні туралы ақылдасыңыз.
- Барлығын бірге істеңіз.
Ең жақсы достар не істегенді ұнатады? Не болса да бәрібір, тек бәрі бірге болса болды! Егер сізде уақыт шектеулі болса және балаңызбен ойнауға немесе дамытушылық іс-әрекеттерді ойластыруға уақытыңыз болмаса, онда ол сіз істеген нәрселерді істей берсін.
Мысалы, түскі ас дайындауға ас үйге барғанда, оны өзіңізбен бірге алыңыз. Осылайша сізде қарым-қатынас жасау үшін қосымша уақыт болады, ал бала жаңа бір нәрсені үйренеді. Тіпті қарапайым ата-аналармен бірге мультфильмдер мен фильмдерді көру балаларға керемет қуаныш пен бақыт әкеледі.
- Қашанда сөзіңізде тұрыңыз.
Балаңызға қанша жерден нағыз дос болғыңыз келсе де, өзіңіздің ана екеніңізді ұмытпаңыз. Әрқашан өз сөзіңізді орындауға тырысыңыз. Мысалы, балаға туған күніне ойын-сауық паркіне баруға уәде берсеңіз, солай болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаңыз. Сізге өзіңіздің ойыңызша орындалуы қиын нәрсеге бірден уәде бермеген жақсы. Өйткені, сіздің уәдеңізді орындамауыңызға қандай уәжді себеп болса да, бұл баланың ұзақ уақыт бойы есінде қалады және ол сіздің сөздеріңізге сенбейтін болады.
Ең бастысы, әрқашан балаларыңызға құрметпен қараңыз, шыдамдылық танытыңыз, олармен мүмкіндігінше көбірек сөйлесуге тырысыңыз және әртүрлі тақырыптарды бірге талқылаңыз. Сонда сізде ең жақсы дос, нағыз көмекші, сізді сүйетін және сізге қамқор болатын бала пайда болады.
https://dmsh-kst-kz.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/994-balalary-yzdy-na-yz-dosy-bolu-shin-ne-isteu-kerek-psikhologty-ata-analar-a-ke-esi.html#sigFreeId600ba8aa1e